Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкерлерді бопсалаған топ құрықталды
Жаңалықтар

Кәсіпкерлерді бопсалаған топ құрықталды

04.06.2025
1 мин
0
71
Сурет: optimism.kz

Қылмыстық топтың мүшелері күзет фирмасын жамылып, отандық кәсіпкерлерге қысым көрсеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен арнайы операциясы барысында бизнеске заңсыз қысым көрсеткен қылмыстық топтың жолы кесілді.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес, күдіктілер жеке күзет мекемесін бүркемеленіп, шағын және орта бизнес нысандарын бақылауға алуға тырысқан. Олар ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне физикалық және моральдық қысым көрсетіп, кейін кәсіпкерлік нысандарын заңсыз иемденіп, сол жерлерде "қауіпсіздік" қызметін ұйымдастырған.

Арнайы операция Алматы қаласы мен Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында өтті. Нәтижесінде қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталып, 40-тан астам тінту жүргізілді.

Тінту барысында жеті бірлік атыс қаруы, соның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

Қазіргі таңда бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетімен билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Сондай-ақ топ мүшелеріне қылмыстық ұйым құру, оған басшылық ету және қатысу баптары бойынша да айып тағылды.

ІІМ мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде. Министрлік бизнеске кез келген заңсыз қысым көрсету әрекеттері мемлекет бақылауында екенін және мұндай қылмыстар қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл