Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек “Келешек” бағдарламасы аясында жоғары білім алуға 50 пайыз жеңілдік қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, бірнеше айдың ішінде "Келешек" бағдарламасы арқылы 70 мыңнан астам есепшот ашылған. Бұл бастама белсенді түрде жүзеге асуда, алайда алдағы уақытта осы шоттарға салынатын бастапқы капиталды жүйелі түрде есептеу қажеттілігі туындайды.
Қазіргі таңда "Келешек" бағдарламасына еліміздің алдыңғы қатарлы университеттері қолдау білдіріп отыр. Олардың қатарында Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық университеті, Сәтбаев университеті және басқа да жекеменшік жоғары оқу орындары бар.
Сәтбаев университеті аталмыш бағдарламаға қатысушыларға ең үлкен жеңілдік ұсынып отыр. Бұл оқу орны “Келешек” бағдарламасымен оқуға түскен студенттерге 50 пайыздық жеңілдік беруге дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, "Келешек" бағдарламасы аясында бес жасқа толған балалардың болашақтағы жоғары білім алуына қаражат жинауға мүмкіндік бар. Бұл жүйе ерікті түрде жүзеге асады және оған бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы мен инвестициялық табыс кіреді.