Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төтенше жағдай уақытында екінші деңгейлі банктер кредитті шегеруге мүмкіндік берді. Алайда уақыт өте келе банк клиенттері несиені шегергені үшін қосымша ақша төлейтіні анықталды.
Бұл турасында Әділет министрі Марат Бекетаев қазақстандықтардан аталмыш мәселе бойынша көптеген шағым мен өтініш түскенін растады. Сондай-ақ ол Әділет министрлігі банкке қатысты кредит ісімен айналыспайтындығын атап өтті.
"Бұл жағдайда Әділет министрлігі не істей алады? Карантин басталғанда, мұндай істер жеке сот орындаушыларына жеткен кезде, оларға шоттарды бұғаттау бойынша қатаң шара қолданбау тапсырылды. Бұл тұрғындарды шектемей, қажет заттарды онлайн сатып алуына мүмкіндік беру үшін жасалды", - деді министр.
Наурыз айында қатаң карантин шаралары енгізілген соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев банк басшыларына үндеу жасаған болатын. Үндеуде халықтың кредит төлеу мерзімін шегеруді сұрады.
Екінші деңгейлі барлық банктер несиені шегеруге мүмкіндік жасады. Бірақ шегеру мерзіміне пайыз есептелді. Банктердің мұндай шешімі жұрттың наразылығын тудырды.
Елімізде 16 наурыз - 11 мамыр аралығында төтенше жағдай режимі енгізілді. Ал карантин режимі 2 тамызға дейін сақталады.
Тағы көру