| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Сот оны екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция берді. Өзге мәлімет жария етілмейді, - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, 40 жастағы Сағындық Шабықбаев қала әкімі қызметіне екі жыл бұрын келген.
Еңбек жолын 2008 жылы Әйтеке би ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында бастап, кейін әкімдікте түрлі қызмет атқарған. 2018-2023 жылдары Хромтау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.