Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желілерде қызу талқыланған жаңа заңға қатысты сенатор Марат Қожаев пікір білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салынатыны туралы заң жобасы қоғамда қызу талқылануда.
Сенат депутаты, Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Марат Қожаев бұл заң нормасын қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, қозғалтқышы қосылып тұрған көлікті тұрғын аймақтарда 5 минуттан артық қоюға тыйым салынған.
Мұндай бұзушылық үшін 5 АЕК (қазіргі есеппен 19 660 теңге) айыппұл қарастырылған, ал егер бұл әрекет қайталанса, айыппұл мөлшері 10 АЕК (39 320 теңге) дейін көтеріледі.
Бұл норма бірнеше жылдан бері қазақстандықтардың наразылығын туғызып жүр, әсіресе қыс мезгілінде Астана қаласында көлікті жылыту үшін көп уақыт қажет болатындықтан тұрғындар оған қарсы пікірде.
Сенатордың пікірінше, бұл экологияны жақсартуға бағытталған.
- Бірақ осы бап бойынша жауапқа тарту үшін бұлтартпас процедуралық дәлелдер қажет. Мысалы бейнежазба және т.б. Егер мұның бәрі болса, онда адамдар әкімшілік жазаға тартылады, - деді Қожаев.