| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік жүргізушісі баланы басып кетті. Сәби оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Оқиға бүгін, 16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында болған. Land Cruiser 200 автосының 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр.