441.91
499.05
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көлік қозғалысы шектелмейді: Алматы облысында 308 шақырым жол жөнделуде
Жаңалықтар

Көлік қозғалысы шектелмейді: Алматы облысында 308 шақырым жол жөнделуде

01.10.2026
мин
0
91

Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында республикалық маңызы бар 109 шақырым автожол орташа жөндеуден өтуде. Жұмыс кезінде көлік қозғалысы тоқтатылмайды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

2026 жылы Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 308 шақырымын орташа жөндеу жоспарланған. Оның 109 шақырымы Кеген және Райымбек аудандарына тиесілі.

Кеген ауданында «Көкпек – Кеген – Түп» автожолының 35 шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға 40 маман мен 45 арнайы техника тартылған.

Ал Райымбек ауданында «Кеген – Нарынқол» автожолының 74 шақырымы жөнделуде. Бұл учаскеде 90 маман және 50 жол техникасы жұмыс істеп жатыр.

Жөндеу барысында жолдағы көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Жол негізін нығайту үшін ресайклинг әдісі қолданылып, оның үстіне екі қабат асфальтбетон төселеді. Жұмыстың қарқынын арттыру мақсатында үш асфальтбетон зауыты іске тартылған.

Кеген және Райымбек аудандарындағы жалпы ұзындығы 109 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жоба аяқталғаннан кейін аталған жолдардың техникалық жағдайы жақсарып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру көзделіп отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл