Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы жетінші арнаға берген сұқбатында көпбалалы аналарға күміс және алтын алқалардың уақытылы берілуі қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік сала мамандары елімізде 20 миллионыншы болып дүниеге келген баланың нақты уақытын, оның ішінде минут, секундын да анықтап ала алады. Осыған қарамастан алтыншы немесе жетінші болып туған баланы табу қиын емес.
Егер біз 20 миллионыншы баланың туған уақытын дәл біле алатын болсақ, онда алтыншы немесе жетінші болып туған баланы табу да қиын емес. Сондықтан мерекелік күндерде аналарға гүл беріп, жақсы атанудың орнына дәл сол күндері олардың алтыншы немесе жетінші баласын дүниеге әкелгенін анықтап, күміс пен алтын алқаларын уақтылы беру керек. Бұл аналардың мәртебесін арттырып, оларға сый-құрмет көрсетуге жол ашады, – деп атап өтті Нартай Аралбайұлы.
Депутат сонымен қатар көпбалалы аналарға күміс және алтын алқаны беру процесін жеңілдетіп, олардың құжат жинап жүгіруінің қажеті жоқ екенін айтты.
Көпбалалы аналар алтыншы немесе жетінші баласы барын дәлелдеп, құжат жинап жүгірмеуі керек. Оларға бұл наградаларды уақытында беру қажет, – деді Мәжіліс депутаты.