Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемде болып жатқан коронавирус пандемиясына қатысты ойын Wired басылымына берген сұхбатта айтты.
Оның айтуынша, коронавирустың аяқталу мерзімі екі жарым жылға созылады. Алайда адамзат қазірден қоршаған ортаны ойлап, табиғатты қорғамаса, болашақта қауіпті экологиялық апат болуы мүмкін. Сондай-ақ ол әлемдік проблемаға айналған мәселелердің бірі - климаттың бұзылуын қазірден қолға алмаса, адамдардың қайтыс болуы және экономикалық деңгейдің төмендеуі қазіргі пандемияға қарағанда әлдеқайда көп болатындығын айтты.
"Менің ойымша, бізде корнавирус 2021 жылы тоқтайтын сияқты, ал жалпы дүние жүзінде 2022 жылы аяқталады. Бәрі инновацияға байланысты. Бірақ індетті жеңгеннен кейін, біз тағы малярия, полиомиелит пен АИТВ секілді аурулармен күреске көп күш жұмсаймыз", - дейді Гейтс.
Ол өз сөзінде пандемия экономикаға триллиондаған доллар көлемінде шығын келтіргенін айтты. Бұл соммаға вакцина дайындауға кеткен шығын да кіреді. Билл Гейтс вирусқа қарсы препарат Қытай мен Ресейде сынақтан жақсы өтіп жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, кәсіпкер коронавирусты осыдан 5 жыл бұрын болжаған еді.
Тағы көру