447.14
500.35
5.24
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәдениет саласындағы жаңа марапаттар: заң жобасы Құрылтайда таныстырылды
Жаңалықтар

Мәдениет саласындағы жаңа марапаттар: заң жобасы Құрылтайда таныстырылды

07.10.2026
мин
0
132
Сурет: Aikyn.kz

Елімізде музыка мен бейнелеу өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік деңгейде жаңа марапаттар тапсырылуы мүмкін. Құрылтайда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға тиісті түзетулер таныстырылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Отандық өнер шеберлерінің еңбегін мемлекеттік деңгейде ұлықтау мақсатында елде екі жаңа ерекшелік белгісін енгізу ұсынылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бірінші сессиясында берген тапсырмасын орындауға бағытталған бұл заң жобасын Мәжіліс депутаты Ләззат Жылқыбаева таныстырды.

Жаңа бастамаға сәйкес, ұлттық мәдениет пен өнерге сүбелі үлес қосқан азаматтарға келесі марапаттар берілмек:

 «Шәмші Қалдаяқов» медалі — отандық музыка саласын, соның ішінде ән шығармашылығын өркендетуге жемісті еңбек сіңірген сазгерлер мен орындаушыларға;

 «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы — бейнелеу өнерінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, төл көркем мәдениетімізді байытқан қылқалам шеберлеріне табысталады.

Депутат өз сөзінде бұл өзгерістердің елдегі еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді реформалардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Бұған дейін жүйелі түрде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» және 2024 жылдан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атақтары енгізіліп, өз тиімділігін көрсеткен болатын.

Ата заңымызда төл мәдениетті қолдау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде айқындалған. Сондықтан жаңадан енгізілетін бұл марапаттар отандық өнер иелерін ынталандырудың әрі олардың қоғамдағы беделін көтерудің нақты пәрменді тетігіне айналмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл