Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресейлік сарапшылар сауда орталықтары мен дүкендерде картасыз төлем жасау жүйесі арқылы ақша ұрлаудың әдіс-тәсілдері туралы айтты.
Банк картасынсыз төлем жасауға мүмкіндік беретін NFC жүйесі арқылы да алаяқтар шаубыл жасай алады. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "Синергия" университетінің "Банк ісі" кафедрасының аға оқытушысы Антон Рогачевский айтты.
«Ең танымал әдістердің бірі - POS терминалды телефон құрылғысына жақындату. Әдетте, біз телефонымызды киімдердің қалтасына саламыз. Ал алаяқтар қажетті соманы терминалға енгізу арқылы ақшаны ұрлай алады. Олар қарбалас сәтті пайдаланып, терминал салынған сөмкені сіздің телефоныңызға жақындату арқылы қажетті қаражатты оңай ала алады», - деді Антон Рогачевский.
"NFC телефонымен төлем жасау кезінде ең үлкен қауіп - саусақ ізін сканерлеу немесе PIN-кодты басқа терминалға енгізуді растау мүмкіндігі, яғни басқа біреудің сіздің картаңыздағы қаржыға иелік етуіне әсер етуі мүмкін", - дейді өз кезегінде заңгер Евгений Иванов.
Осы орайда, мамандар телефон жоғалған жағдайда алаяқтар түрлі банк операцияларын орындай алатынын ескертеді. Сондықтан, телефонды үнемі бұғаттап, банк жүйесіне SMS хабарлама қызметін қосып, мобильді аударымдарға шекті соманы белгілеуді ұсынады.