Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекеменің тәрбиеленушілері жаппай уланған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді. Жаңаөзенде мектепке дейінгі мекеменің 100 баласы тамақтан уланғанын хабарлаған.
Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, медициналық мекемеге 37 адамнан өтініш түскен.
– 31 қаңтар сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылынан жедел жәрдем қызметіне іші ауырғанын айтып, шағымданған тұрғындар хабарласқан. Барлығын жедел жәрдем бригадасы тексерді. Тексерілген 37 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылды (1 ересек, 3 бала). Қалғандары үйге амбулаториялық емделуге жіберілді. Қазір балабақша жабылып, уәкілетті органдар мән-жайын тексеріп жатыр, - деп хабарлады басқарма.
Қазіргі уақытта балабақша жабылып, құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатыр.
Маңғыстау өңірінде бұған дейін де осыған ұқсас факті болған. Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте асхана тамағынан 460 оқушы уланған еді.