Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Маңғыстаумұнайгазға" 32 млрд теңге айыппұл салынды

13.01.2025
1 мин
0
147
Сурет: Dauletten.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның ағынды суларды жер қойнауына жіберуі және бұрғылау қалдықтарын тиісті шектеусіз жинауы сияқты заң бұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде, 2024 жылдың 4 желтоқсанында сот компанияны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартып, 31 миллиард теңге айыппұл салды. Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, мұнай жылыту пештерінен зиянды заттардың шамадан тыс шығарылғаны анықталды. Осы құқық бұзушылық бойынша, 2023 жылдың 11 желтоқсанында компания тағы да әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 миллиард теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін, 12 қаңтарда "Бозащы мұнай" компаниясы ұзақ уақытқа созылған өрт салдарынан мемлекетке келтірілген 2 миллиард теңге экономикалық шығынды өтейтінін мәлімдеген болатын.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше, табиғат қорғау прокурорлары "БузачиНефть" ЖШС-нің газды жағу салдарынан мемлекетке келтірілген 2,2 миллиард теңге залалды өтеуін қамтамасыз еткен.

Ал 2023 жылдың маусым айының басында "Қаратұрын Оңтүстік" кен орнында ұңғыма бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылап, арты өртке ұласқан болатын. Бұл апатты толық жоюға шамамен алты ай уақыт кеткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл