| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік марапат — «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ғалымдарды марапаттау рәсімінде жаңа мемлекеттік орден енгізу қажеттігін айтқан болатын. Сол ұсыныс негізінде жоғары мемлекеттік марапаттар қатарына «Әл-Фараби» ордені қосылды.
Президенттің айтуынша, бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият салаларында ерекше жетістікке жеткен азаматтарға беріледі. Орден қазақ даласынан шыққан ұлы ойшыл әл-Фарабидің мұрасын ұлықтауға бағытталған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері алғаш рет Республика күні қарсаңында табысталатынын атап өтті.
Жарлыққа сәйкес, «Әл-Фараби» орденінің эскизін әзірлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тапсырылды. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.