Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мәжілісте заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруды көздейтін заң жобасы талқыланады
Жаңалықтар

Мәжілісте заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам құруды көздейтін заң жобасы талқыланады

15.10.2025
мин
0
323

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Депутаттар «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда қарайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы «Челябі мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Қостанай филиалының жұмыс істеуі туралы келісім мен 1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары талқыланады.

Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олар: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске түзетулер, «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер, көлік құралдары иелері мен тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша, денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобалары, Қазақстан мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы жобалар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл