447.85
513.46
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектеп оқушыларын келесі сыныпқа өткізу тәртібі қатаңдайды
Жаңалықтар

Мектеп оқушыларын келесі сыныпқа өткізу тәртібі қатаңдайды

22.09.2026
мин
0
303
Сурет: astanatv.kz

Қазақстанда мектеп оқушыларын келесі сыныпқа өткізу ережелері түбегейлі қайта қаралады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің жаңа талаптарына сәйкес, жылдық үлгерімі төмен 5–11 сынып оқушылары жазғы демалыста қайта емтихан тапсыруға мәжбүр болады. Білім деңгейін дәлелдей алмағандар сыныпта екінші жылға қалдырылуы мүмкін.

Елдегі орта білім беру мекемелерінде оқушылардың білімін бағалау форматы өзгереді. Бұдан былай мұғалімдер сабақ үлгерімі нашар балаларды келесі сыныпқа «автоматты түрде» өткізе алмайды. Білім сапасын арттыруды көздейтін жаңа бұйрық жобасы әзірленді.

Ережеге сәйкес, бастауыш буындағы 1-сынып оқушыларына бұрынғыдай баға қойылмайды. Ал 2-4 сыныптар аралығында дәстүрлі 10 балдық жүйе сақталады.

Негізгі өзгерістер орта және жоғары буынға қатысты. Егер 5-11 сынып білім алушысы бір немесе екі пәннен жылды «неудовлетворительно» (2) деген бағамен аяқтаса, оған жаз мезгілінде қайта жиынтық бағалаудан өту міндеттеледі. Оқушыға өз білімін түзетуге екі мүмкіндік беріледі: біріншісі – жазда, ал екіншісі – жаңа оқу жылы басталар алдында. Егер екі талпыныста да оң нәтиже болмаса, оқушы сол сыныпта екінші жылға қалдырылады.

Қоғам мүшелері мен ата-аналар арасында бұл бастама қызу талқылануда. Көпшілігі бұл қадам оқушылардың жауапкершілігін арттырып, оқуға деген итермелеуші күш (мотивация) болады деп есептейді. Өйткені жазадан бұрын, қатарластарынан қалып қою қорқынышы мен намыс баланың білімге деген ынтасын оятады.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда мектептерде үлгермейтін оқушыларға қосымша сабақтар мен қолдау көрсету мүмкіндіктері жеткілікті. Ал нашар баға алған балаларды сыныптан сыныпқа сүйрелей беру олардың біліміндегі бос орындардың жылдан-жылға жинақталып, одан әрі күрделенуіне әкеп соғады.

Заңнамалық өзгерістер жақын арада өз күшіне енбек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл