463.91
544.63
6.26
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы жарлық күшіне енді
Жаңалықтар

Мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы жарлық күшіне енді

13.05.2026
мин
0
67
Сурет: El.kz

Білім беру жүйесіне ЖИ енгізу туралы жарлық күшіне енді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда мектептерге жасанды интеллектті кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін Президент жарлығы күшіне енді. Құжат 2026–2029 жылдары орта білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын кеңінен қолдануды қарастырады.

Жарлыққа сәйкес, Үкіметке бірқатар нақты міндеттер жүктелген. Атап айтқанда, 1 шілдеге дейін жасанды интеллектті енгізудің кешенді жоспарын бекіту, 1 маусымға дейін Ли Кай-Фу ұсынымдары негізінде пилоттық жобаны іске қосу, 1 тамызға дейін мектептерді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету және 1 қыркүйекке дейін ЖИ қолдану стандарттарын енгізу тапсырылды.

Құжатта жасанды интеллект мұғалімдерді алмастырмайтыны, тек оқу процесінде қосымша құрал ретінде қолданылатыны атап өтілген. Сонымен қатар оқушылардың дербес деректерін қорғау және академиялық адалдық талаптарын күшейту қарастырылған.

Бұдан бөлек, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыс әкімдіктерінің 1 тамызға дейін өңірлік жоспарларды бекітуі қажет екені көрсетілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл