Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарымен барды

18.09.2023
1 мин
0
808

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді, сондай-ақ «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алғашқы күні Мемлекет басшысы Wabtec компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантананы қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту аясында Wabtec компаниясымен арадағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Рафаэль Сантана Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісін іске қосу, инжиринг орталығы мен технологиялық трансфертті ұйымдастыру үшін пысықталып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәлімет берді.  

Мемлекет басшысы компанияның көлік-логистика саласына шамамен 1 миллиард доллар инвестиция құю жоспарын құптап, мұның Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуға ықпал ететінін және басқа да инфрақұрылымдық жобалар үшін негіз болатынын атап өтті.

Президенттің АҚШ-қа сапары аясында «Қазақстан темір жолы» «ҰК» акционерлік қоғамы мен Wabtec арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесті.

Кездесу барысында америкалық қаржы холдингінің еліміздегі қызмет аясын кеңейту перспективалары талқыланды.

Еліміздегі бірден-бір америкалық банк саналатын Citibank Kazakhstan – халықаралық инвесторлар, мемлекеттік сектор және ірі кәсіпорындар үшін жетекші серіктестердің бірі.

 Мемлекет басшысы жуырда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауы аясында Үкіметке осы саладағы бәсекелестікті арттыру үшін елімізге үш сенімді шетелдік банкті тарту міндетін жүктегенін атап өтті.

 Президент Астана халықаралық қаржы орталығының жаһандық инвесторлармен байланысын қамтамасыз ету және қаржы секторының цифрлық трансформациясын дамытуға атсалысу ісіндегі Citigroup компаниясының маңызды рөлін оң бағалады. 

 Мемлекет басшысы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталғанбірқатар жобаны қаржыландыруға ниет білдіріп отырған Citigroup холдингінің алдағы жоспарын қолдайтынын айтты.  

Сонымен қатар әңгімелесу барысында макроэкономикалық болжамдар мен әлемдік қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.

 Кездесу аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Citibank арасында Wabtec локомотивтерін сатып алу үшін қаржыландыруды ұйымдастырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл