Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады

03.10.2025
мин
0
256
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады, - Dauletten.kz.

Ермағанбет Бөлекпаев барлық негізгі көрсеткіш бойынша тұрақты өсім байқалатынын айтты.

Оның сөзінше:

Биылғы сегіз айда облыста 3,2 триллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға артық. 

Әсіресе, өңдеу өнеркәсібінің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі артып келеді. Металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі ұлғайды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 644,7 миллиард теңгені құрап, 11,1 пайызға өсті. 

Биыл жалпы құны 195 миллиард теңге болатын 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2 700-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. 2030 жылға дейінгі жоспарда құны 4,5 триллион теңгені құрайтын 120 ірі жобаның пулы жасақталды. Бұл бастамалар 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімдеді. 

Ауыл шаруашылығында ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, екі ірі тауарлы сүт фермасының құрылысы аяқталған соң, өңірдің сүтке деген сұранысы толық қамтамасыз етіледі.

«Qarmet» АҚ қызметі туралы ақпарат берді. 

Компания сегіз айдың ішінде өндірісті жаңғыртуға 110 миллиард теңге инвестиция салған. Нәтижесінде шойын өндіру – 6 пайызға, болат – 6,9 пайызға, илемдеу 5 пайызға артқан. 

Металлургия комбинатында жаңа коксты батареялар, құю-илемдеу кешені, сұрыптап илемдеу цехы секілді ауқымды жобалар қолға алынған. Сондай-ақ кәсіпорын біртіндеп табиғи газға көшуде, алғашқы кезең толық аяқталды. 

Шахталардағы жағдай да оң нәтиже көрсете бастады: көмір өндіру көлемі 15 пайызға артқан. Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге арналған іс-шаралар қолға алынған.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл