Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

09.09.2025
1 мин
0
103
Сурет: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Кездесуде Агенттік қызметінің негізгі нәтижелері мен алдағы жоспарлары талқыланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жанат Элимановтың мәліметінше, қаржы жүйесін заңсыз әрекеттерден қорғау бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған:

•    24 млрд теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компаниялар әшкереленді;

•    20 заңсыз криптобиржа қызметі тоқтатылды,соның ішінде ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылды. Нәтижесінде 9,7 млн АҚШ долларына тең виртуалды активтер бұғатталды;

•    Агенттік 720 қылмыстық істі тергеуді аяқтап, 15 ұйымдасқан қылмыстық топты, оның ішінде 3 трансұлттық топты жойды;

•    17,1 млрд теңге көлемінде мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекетіне тосқауыл қойылды,заңсыз темекі мен алкоголь өнімдерін дайындаған 18 жасырын цех әшкереленді;

•    Көлеңкелі айналымнан 12 млрд теңгеге бағаланған вейптер алынды;

•    Бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсаудың 164 млрд теңге болатын 63 дерегіжәне ауыл шаруашылығындағы 11 млрд теңге субсидияның тиімсіз игерілуіанықталды;

•    БЖЗҚ-дан 200 млрд теңге көлемінде қаражатты жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы шығару фактілері тіркелді.

Агенттік азаматтардың қаржылық мүдделерін қорғау бағытында да жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда:

•    Заңсыз микронесие беру бойынша 23 іс қозғалды (шығыны – 71 млрд теңге);

•    300 мыңнан аса қарыз алушының берешегін қайтару және есептен шығару жұмыстары атқарылуда;

•    112 мыңнан астам азаматты тартқан 45 қаржы пирамидасы таратылды;

•    Құмар ойындар мен алаяқтық жобаларға қатысты 31,5 мың сайт пен сілтеме бұғатталды.

Мемлекет басшысы ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл