Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Ұлттық киноның сапасына қатысты ҚР Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдады. Сауалында бірқатар нақты деректерді келтіріп, Ұлттық кино орталығына бөлінетін мемлекет қаржысының тиімсіз жұмсалып жатқандығын тілге тиек етті.
Дәулет Мұқаев – ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:
«Мысалы, 2019-2023 жылдар аралығында отандық 100 фильмге шамамен 23 млрд. теңге бөлінген. Ең қызығы оның барлығы 100 пайыз игерілген. Есебі тапсырылып, кино түсірілген.
Енді қараңыздар, Atlas entertainment компаниясы түсірген отандық «Время патриотов» фильміне 1 млрд. қаржы жұмсалса, оның кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге. Бұл кеткен соманың 1 проценті ғана».
Нақты деректерді мысалға алған мәжілісмен Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет қаржысына түсірілген 600 шақты фильмнің тек біреуі, яғни «Дос-Мұқасан» фильмі ғана өз шығынан ақтағанын атап өтті.
Дәулет Мұқаев – ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:
«Ол – жарнаманың әлсіздігі, оған арнайы қаражаттың қарастырылмауы. Мемлекет қолдауымен түсірілген фильмдердің жарнамасы жоқтың қасы. Қаншама фильмдер түсіріліп, шаң басқан архивтерде жатыр. Тәуелсіздіктен бері қарай мемлекет қаржысына 600-ден аса фильм түсірілсе, соның ішінде өз-өзін ақтап, пайдаға шыққан фильм тек «Дос-Мұқасан». ғана».
Сөз соңында депутат кино индустрияның экономикадағы қозғаушы драйвер екендігін айтып, мемлекеттен қаржылық қолдау алуға үмітті киножобаларымен келген киногерлерді қолдаудың жан-жақты механизімін жетілдіру қажет деген ұсынысын жеткізді.