Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық банктерде 90 күннен астам мерзімі өткен несие көлемі бір жылда 18%-ке дейін қысқарды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық Банк мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қаржы институттарының активтері шамамен 32,4 трлн теңгені (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 28,6 трлн теңгені) құрады. Банктердің несие қоржыны бір жыл ішінде 4%-ке, яғни 15,8 трлн теңгеге дейін өсті.
Биыл сәуір айының басында мерзімі өткен қарыздардың үлесі (90 күннен асқан) 1,12 трлн теңгеге немесе жалпы 7,1%-ке жетті. Мерзімі өткен несие бойынша көшбасшы банктер - Capital Bank (88,44%), Jysan Bank (46,56%) және Пәкістан Банкі (22,6%).
Депозиттерге келетін болсақ, жеке тұлғалардың салымдары сәуір айының басында 11,6 трлн теңгені (+17,1%), заңды тұлғалардың салымдары – 11,2 трлн теңгені (+21,7%) құрады.