Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Министр Алматыда заңсыз салынған нысандардың мәселесін шешу амалдарын айтты
Жаңалықтар

Министр Алматыда заңсыз салынған нысандардың мәселесін шешу амалдарын айтты

09.06.2022
1 мин
1
843

Алматыда рұқсат құжатынсыз 14 мыңға жуық нысан салынған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Ольга Булавкина рұқсат құжаттарсыз салынған құрылыс нысандарына қатысты сұрады. 

Өз кезегінде Қ.Өскенбаев рұқсатсыз салынған құрылыс нысандарын заңдастыру мен сүріп тастау тәртібі заңнамада реттелгенін және бұл рәсімдер сот арқылы шешілетінін айтты.

«Алматының проблемасына тоқталсақ, соңғы кезде қалаға бірнеше аудан қосылды. Сондағы ауылды елді мекендерде заңдастырылмаған нысандар көп кездеседі. Осы орайда 14 мыңға жуық нысанға қатысты рұқсат құжаты рәсімделмеген. Басқа қалаларда осындай деректер сирек болса, ал мұнда (Алматыда) көптеп кездеседі», - деді министр. 

Ведомство басшысы Алматыдағы мәселені шешудегі қадамдар нәтижелі болуы керек екенін айтты.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нургазиева Аигул 10.06.2022
Каидан тамағымыз га жеткизе алмаимыз депозитке артылмайды. Озим уиде отырған анамын 3балам мен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл