Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Депутатттар қойылған сауалға дұрыс жауап ала алмайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай айтты, деп хабалайды Dauletten.kz
«Құрметті Үкімет мүшелері, төрт көз түгел отырғанын пайдаланып, бүгін сіздерге барша Парламент депутаттарының датын жеткізгім келеді. Біз әрбір апта сайын құйрық жалын түйіп, аманаттап, сіздерге депутаттық сауалдар жолдаймыз. Өкінішке қарай, сол депутаттық сауалдарға көбінесе қанағаттанарлық жауап ала алмай келе жатырмыз. Халықтың ішінде «депутат айта береді, Үкімет өз білгенін істейді» деген сөз мәтелге айналып бара жатыр. Мемлекет басшысы «Халық үнін еститін үкімет Үкімет» қалыптасуы керек деді. Депутаттардың әрбір сауалының астында халықтың үні, талап-тілегі, тағдыры жатқан жоқ па?! Құрметті Үкімет мүшелері, отписка жасауды қашан тоқтатасыздар? Осы Үкімет мүшелері атынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Василийұлының уәдесін естігіміз келеді», - деді депутат Аманжол Әлтай.
Депутат Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Шырақбайға сауал жолдап жатқанда микрофоны сөндірілді.
«Қазақ даласының топырағы іріген жүн мен шіріген теріге толып бара жатыр. Ербол Шырақбайұлы, тері мен жүнге шектеуді алып тастауды...»
Фото: Kyn.kz