Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау кезінде мұғалім болып жұмысқа тұру үшін 1-1,5 млн теңге сұрайды деген халықтың шағымын жеткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Маған әсіресе Шымкент пен Қызылордадан хат көп келеді. Жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды екен. Ал мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 млн болып кеткен. Мұндай хат жолдағандарға, мен бірден Антикорға хабарласыңыз деймін. Тіпті 1424 деп нөмірін де беремін. Сол 1424 нөміріне хабарласқан кездегі алгоритм қалай жүзеге асады? Әдетте маған жеке шыққан азаматтардың фото, видео немесе аудио форматтағы дәлелдері болады. Дегенмен ертең өз басыма бәле болмайды ма деп, 1424-ке хабарласуға қорқатын наразы жұрттың қарасы қалың», - деді ол.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов қазіргі таңда Антикор өңірлік департаменттермен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
«1424 желісі тәулік бойы істейді. Тікелей қылмыстар мен тәуекелдерге байланысты хабарламалар да осыған кіреді. Әр қалада департаментте күнделікті қабылдау жүргізіліп жатыр», - деді Саян Ахметжанов.
Мәжілісмен қазір жемқорлар туралы хабар бергендерге де мемлекеттен сыйлықақы берілетінін тілге тиек етті.
Пара мөлшері 1 000 АЕК-тен аз болса, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар мынадай сыйақы ала алады:
Ал егер параның мөлшері 1000 АЕК-тен асып кетсе, онда сыйақы параның немесе одан келтірілген залалдың 10 пайызын құрайды. Бірақ ең жоғары сыйақы 4000 АЕК немесе 13,8 млн теңгеден аспауы керек.
Сөз соңында Дәулет Мұқаев Антикор күресе алмай жатқан жемқорлықпен халық болып күресейік, деп пікір білдірді.
«Ақыры сіздер толықтай жемқорлармен күресе алмасаңыздар, біз болып, халық болып, жалпы белсенділер болып өзіміз күресейік, өзіміз осы 1424-ке хабарласып сол алгоритмді жасайық», - деді ол.
Тағы көру