Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мұғалімдерді қорғау күшейеді: Аймағамбетов маңызды жаңалықпен бөлісті
Жаңалықтар

Мұғалімдерді қорғау күшейеді: Аймағамбетов маңызды жаңалықпен бөлісті

05.10.2025
мин
0
212

Аймағамбетов маңызды жаңалықпен бөлісті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты жұмысы – баланы оқыту. Бұл туралы Мемлекет басшысы тағы да баса айтты. Депутаттың айтуынша, "Педагог мәртебесі туралы" заңға түзетулер әзірленіп, Үкіметке жолданды.

Мұғалімдер үшін қандай өзгерістер бар?

Есеппен күрес
Қайталанатын есепке – тоқтау. Қағаз ба, цифр ма – біреуін ғана толтыру.
Сонымен қатар «Бір рет бір жүйеге енгіздің бе – жетеді»: Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген дерек бірнеше жүйеде қайталанбауы тиіс.

Instagram / Facebook – тек қалауымен
Мұғалімді пост жазуға немесе блог жүргізуге мәжбүрлеуге болмайды. Бұл – тек еркімен.
Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электронды поштада. Мұғалім тәулік бойы чаттарда арпалысып отыратын модератор емес.

Жауапкершіліктің айқын шегі
Мектептен тыс жағдайға мұғалім жауап бермейді. Ол күзетші де, детектив те емес.
Бұған қоса, біз «Мұғалімге тән емес функциялар» деген түсінікті заңда алғаш рет анық жаздық. Сонда нақты қорғану оңайырақ болады. Ол – заңдар мен еңбек туралы келісімшартта көрсетілмеген жұмыстың бәрі.

Мектеп – ата-ана келісімі
Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді. Тәрбие – ортақ іс. Бар ауыртпалық мұғалімге ғана түспеуі тиіс. Енді ата-аналар мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті болады.

Шынайы қорғаныс
Педагог мәртебесін бұзу үшін айыппұлдар күрт өседі.
Бұған қоса, заңға мұғалімге психологиялық пен физикалық зорлық-зомбылыққа – мүлдем жол берілмейді деген норма енгіздік.

- Біз, депутаттар, өз қадамымызды жасадық: Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен педагогтердің ұсыныстары негізінде арнайы түзетулер әзірлеп, Үкіметке жібердік. Енді ресми қорытындысын күтеміз. Бұл бастаманы қолдасаңыздар – бөлісіңіздер! Кәсіби мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!
Сіздерге зор денсаулық, бейбіт аспан, кәсіби табыс және шәкірттердің алғысын тілеймін, - деді Асхат Аймағамбетов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл