Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлерге жеңілдік жасалатынын айтты.
Қазір кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша 6%-пен несие алып жүр.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Субсидиялау мерзімі – 5 жыл.
«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмейді. Ал субсидиялау мерзімі – 10 жыл», – деді министр.
Оның айтуынша, кепілдік беру талаптарын жеңілдету тиімді болмақ. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша кепілдіктер қарыз сомасының 85%-ын құрауы мүмкін. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша кепілдік несие сомасының 50%-іне тең болмақ.
Тағы көру