Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде 1 жыл бұрын осы уақытта мемлекет басшысы несие рақымшылығын жасап, азаматтардың 300 мың теңгеге дейін несиелері кешірілген еді. Жақында коммунист депутаттар елде болып жатқан жағдайға байланысты несиені кешіру мәселесін көтерді. Осы орайда бұл ұсынысқа қатысты экономист Мақсат Халықтың пікірін білдік.
Оның айтуынша, қазіргі кезде халықтың несиесін толық кешіру мүмкін емес. Себебі мемлекетте ондай мүмкіндік жоқ.
"Елімізде тұтынушылық несие мөлшері 4,5 трлн теңге. Ал бюджет шығындары 14 трлн теңгеге жетті. Бұл дегеніміз қазақстандықтардың несиесі соның 3\1 бөлігі болып есептеледі. Ал бұл шығындардың ішіне халықты мектеп, емхана басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ету кіреді. Бұл мәселелердің барлығын тоқтатып қойып, үкімет халықтың несиесін кешіру қисынсыз", - дейді экономист.
Маман пікіріне сүйенсек, халықтың басым көпшілігі несиені той жасауға, тұрмыстық техника мен смартфондар алуға жұмсайды. Депутаттар ұсынысы мемлекет тарапынан орындалатын болса, несиенің бір бөлігі ғана кешірілуі мүмкін.
"Менің ойымша, несие кешірілуі мүмкін. Десе де, жұмсалатын шығын өткен жылмен салырстырғанда сәл ғана көбірек болады. Мысалы, өткен жылы 300 мың теңгеден жалпы 105 миллиардтың қарызы кешірілсе, осы жолы 200 миллиардтан аса қоймайтын сияқты. Десе де, мемлекет несиені кешіре берсе, халық та үйреніп кетеді. Адамдар арасында "несиені төлемеуге болады" деген қағида қалыптасады. Бұл жағын да ескерген жөн", - деп атап өтті экономист.
Назерке БАЙЖАН
Тағы көру