Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Несие төлеу қиындаса не істеуге болады?
Қаржылық сауат

Несие төлеу қиындаса не істеуге болады?

04.08.2025
1 мин
1
1568
Сурет: akshamat.kz

Кейде өмір біз күтпеген бұрылыстарға толы болады. Жұмыстан босатуы мүмкін, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін немесе табыс азайып, бұрын оңай төлеп жүрген несие кенеттен ауыр салмаққа айналады. Телефон шырылдап, банк қызметкерлері хабарласқанда, көпшілік тұтқаны көтеруге қорқады. "Не деп жауап берем?", "Енді не істеймін?" деген алаңдаушылық пайда болады. Алайда, шын мәнінде, банкпен ашық диалогқа бару – тығырықтан шығудың ең дұрыс жолы, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.

Қайта құрылымдау – бұл бар несиені қайта қарап, оның шарттарын өзгерту. Яғни:

  • Ай сайынғы төлем мөлшерін азайту,
  • Мерзімін ұзартып, төлемді жеңілдету,
  • Тіпті пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі бар.

Дегенмен, бұл үшін расымен де қаржылық қиындықтың барын дәлелдейтін құжат қажет. Мысалы:

  • Ауруханадан берілген анықтама,
  • Мүгедектік туралы құжат,
  • Декреттік демалысқа шыққаны туралы бұйрық,
  • Немесе әскери шақырту қағазы.

Ең маңыздысы – өтінішті уақытында беру. Несие төлемі кешіктірілгеннен кейін, банк 20 күн ішінде ескерту жасайды. Ал сізде 30 күн бар – осы мерзім ішінде қайта құрылымдауға өтініш тапсыруға болады.

Қайта қаржыландыру – бұл тәсіл, әдетте, бірнеше несиесі бар, бірақ оларды тұрақты түрде өтеп жүрген адамдарға арналған.

Егер банк сіздің өтінішіңізді қабылдамаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе банк омбудсменіне жүгінуіңізге болады. Бұл – сіздің заңмен қорғалған құқығыңыз.

Кредит мерзімін ұзарту – банкке барып, төлем кестесін қайта қарау мүмкіндігі. Бұл ай сайынғы төлемді азайтып, несиенің жалпы мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, үш жылға алынған несиені алты жылға дейін созуға болады.

Алайда, есте ұстаған жөн: мерзім ұзартылған сайын банк есептейтін пайыз мөлшері де көбейеді. Бірақ егер басты мақсат – уақыт ұту болса, бұл – қарастыруға болатын амал.

Несие бойынша үзіліс – егер сіз шын мәнінде күрделі жағдайға тап болсаңыз, мысалы:

  • Ауыр науқас,
  • Жұмыссыз қалу,
  • Табиғи апат (өрт, су тасқыны),
  • Немесе әскери борышын өтеу сияқты жағдайлар болса – банкке барып, төлемді уақытша тоқтата тұруға өтініш бере аласыз.

Мұндай үзіліс кезінде айыппұл есептелмейді. Бірақ бұл мерзімде пайыз есептелуді жалғастырады және кейін төлем сомасы артуы мүмкін.

                                                                                                                                                                                                          Автор: Ұлжан Омарова

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айсулу 04.08.2025
Мен декретте отырғанда азайтып берген жоқ қой алтын банк болмайды деп 6-айға каникул сұрадым олда болмайды деп
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл