Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бас қаласында жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері табысталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram әлеуметтік желісінде жазды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы іске қосылған жастарға жалға берілетін тұрғын үй жобасы жалғасын табады. Елорданың жұмыс істейтін жастарына Алматы ауданы, Қордай көшесі, 76-үйде 350 пәтер берілді», – деді Алтай Көлгінов.
Қала әкімінің айтуы бойынша, баспана 5 жылға беріледі. Бағдарлама жастарға қаражат жинауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, олар басқа да тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспаналы бола алады. Ағымдағы жылдың соңына дейін жастарды қолдау мақсатында тағы 1050 пәтер беріледі.
«Президент тапсырмасына сәйкес, 2020 жылы жеңілдікпен берілетін тұрғын үй көлемі 3 есеге ұлғайды. Жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды жұмыстарға Үй құрылыс комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар – құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Егер былтыр 7 мыңнан астам пәтер берілсе, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін арттырамыз. Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жалғасады», – дейді ол.
Тағы көру