Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада 25 маусымнан бастап Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралықтағы жол жабылады.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Достық көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлайды.
«Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне аралығында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады», делінген ведомство хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп толықтырды басқармада.