Олимпиадашыларға 577 миллион беріледі – 14 спортшының аты-жөні жарияланды
19.08.2021
1 мин
1
1250
Токио Олимпидасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға және олардың бапкерлеріне 577 миллион теңгенің сыйақысы беріледі. "Ашық НҚА" сайтында үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
"Мәдениет және спорт министрлігіне Токио қаласындағы (Жапония) ХХХII жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлем жасау үшін 2021 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан үкіметінің резервінен 577 047 700 (бес жүз жетпіс жеті миллион қырық жеті мың жеті жүз) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін", - делінген құжатта.
Қаулының қосымшасында спортшылар мен бапкерлердің сыйақысы да көрсетілген. Ақшалай төлемдер ширек финалға жеткен спортшыларға да беріледі.
Дзюдошы Елдос Сметов - 31 851 000 теңге, бірінші бапкері Ахмет Жұмағұл - 3 185 100 теңге, жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев - 25 480 800 теңге, құрама команданың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев - 3 185 100 теңге;
Ауыр атлет Игорь Сон - 31 851 000 теңге, алғашқы жаттықтырушысы Сергей Седов - 3 185 100 теңге + 25 480 800 теңге (жеке жаттықтырушысы ретінде), құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов - 3 185 100 теңге;
Ауыр атлет Зульфия Чиншанло - 31 851 000 теңге, бірінші бапкері Олег Эм - 3 185 100 теңге, жеке жаттықтырушысы Виктор Ни - 25 480 800 теңге, құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов - 3 185 100 теңге;
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев - 31 781 250 теңге, бірінші бапкері Сейітжан Төкенов - 3 178 125 теңге + 25 425 000 теңге (жеке жаттықтырушысы ретінде), құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев - 3 178 125 теңге;