Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады
Жаңалықтар

Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады

21.05.2025
мин
0
344
Сурет: Көлік министрлігі

Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алдағы жылдары жолдардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау үшін өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады. Бұл құрылғылар қалаларға кіреберіс жолдарда, карьерлердің маңында және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде орнатылады. Ауыр жүк көліктерін өлшеу автоматты түрде қозғалыс барысында жүзеге асырыла береді. Бұл туралы Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдау барысында мәлім етті.

Көлік саласына қатысты түрлі мәселелер бойынша 20 тұрғын жазылып, қабылдауға келді. Қойылған сұрақтар өңірлердегі автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына, инватакси санын көбейтуге, қоғамдық көлік пен жолаушы вагондары паркін жаңартуға, сондай-ақ жөнделіп жатқан учаскелердің сапасын бақылауға қатысты болды.

Марат Қарабаев жолаушылар тасымалына арналған вагондар паркі жыл сайын және жүйелі түрде жаңартылып жатқанын атап өтті. Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл