Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрліктің мәліметінше, әр өңірден бейне байланыс режимінде азаматтар сұрақтарын қоя алды.
Өтініштер негізінен мектепке дейінгі және орта білім беруден бастап техникалық және кәсіптік оқыту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелерін қамтыды. Министр тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер ведомство басшысының жеке бақылауына алынды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігінің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өңірлерде де өтеді, сондай-ақ Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 16 кіреберісте орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында ұйымдастырылады.