Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқулықтарды жиі жаңарту ел экономикасына 16 млрд теңге шығын келтірді
Жаңалықтар

Оқулықтарды жиі жаңарту ел экономикасына 16 млрд теңге шығын келтірді

17.02.2025
1 мин
0
109
Сурет: egemen.kz

Оқулықтарды жиі өзгертуден ел экономикасына 16 млрд теңге шығын келді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласына мемлекеттік аудит жүргізген. 2019 жылдан басталған аудит нәтижелері бойынша, саладағы стратегиялық құжаттардың жиі өзгеруі бұрынғы жобалардың аяқталмай қалуына себеп болған. Бұл білім беру саясатының тұрақтылығы мен сабақтастығының болмауына алып келді, деп атап өтті аудиторлар.

– Білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүргізілмейді. Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығарылып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі. Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан экономикалық шығындар 16 млрд теңгеден асқан. Оқулықтардың сапасын сараптау мен бақылауда кемшіліктер анықталды. 5 жыл ішінде бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген, бұл орнықты бағалау жүйесінің жоқ екенін көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау ақпараттық жүйесі арқылы сараптама тәртібі іске асырылмаған, рәсімдер қағаз жүзінде жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
168
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл