Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушылардың күзгі демалысы: министрлік өңірлерге арнайы ұсыныстар жолдады
Жаңалықтар

Оқушылардың күзгі демалысы: министрлік өңірлерге арнайы ұсыныстар жолдады

24.10.2025
мин
0
458

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталды. Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күзгі демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.

Өмірлік қиын жағдайларға тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңес берулер ұйымдастыру маңызды.

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.

Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен

тәрбие жұмыстары және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңес берулер ұйымдастыру.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 27 қазаннан басталып 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күн. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл