Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өскеменде азық-түлік дүкеніндегі өрт кезінде 30 адам эвакуацияланды
Жаңалықтар

Өскеменде азық-түлік дүкеніндегі өрт кезінде 30 адам эвакуацияланды

22.06.2023
3 мин
0
438
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

2023 жылғы 22 маусымда сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде өрт болды, деп хабарлайды Dauletten.kz ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанды.

Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады.

Өрт сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себептері: электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз. Объектілерде ақаусыз алғашқы өрт сөндіру құралдары және ақаусыз автоматты өрт дабылы болуы тиіс. Нысан қызметкерлері қауіпсіздік нұсқамаларынан өтуі және өрт кезінде әрекет ете білуі тиіс. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл