Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Өскемен қаласының жұртшылығымен кездескен аймақ басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қандай көмек көрсетілетінін айтты.
«2022 жылы өңір бойынша 3255 аз қамтылған азамат атаулы әлеуметтік көмек алады. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 1100 бала кепілді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі. Ипотекалық несиелеу арқылы үй алу мүмкіндігін кеңейту үшін қалалық бюджеттен 85 тұрғын үй сертификатын беруге 127,5 млн теңге бөлінді», - деді ол.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
«Бұл мақсатқа 196,7 млн теңге бағытталды. «Үлбі» орталығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Орталық мамандары ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы және кешенді көмек көрсету үшін арнайы оқудан өтеді», - деді Даниал Ахметов.