Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
13 тамызда Өскемен қаласында Славский атындағы Набережная көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомстваның айтуынша, оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері бірінші кезекте баспалдақ маршы арқылы 20 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Көпқабатты үйлердегі өрттерді сөндіру үшін өрт сөндірушілер арнайы техниканы пайдалана отырып, барлық күш-жігерін жұмсап, өртті 20 шаршы метр алаңда сөндірді. Өрт ошағы болған пәтерде ешкім болмағаны анықталды.
Өрттің негізгі себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, яғни қуатта қосулы қалған ұялы телефон болған.
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 6 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылған.
Осыған орай, ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша төмендегілерді еске салады:
- үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыздар;
- бұзушылықтарды уақтылы жою қажет;
- бір розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыздар.
Өрт кезіндегі тәртіп ережелері:
- өрт кезінде дереу «101» немесе «112»нөмірлеріне хабарласыңыздар.
- үрейге бой алдырмаңыздар;
- өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдарды эвакуациялау шараларын қабылдаңыздар, көршілерге хабарлаңыздар.
- электр қуатын өшіріңіздер;
- баспалдақпен жүріңіздер, өрт кезінде лифтті пайдалануға тыйым салынады.
- егер шығу жолы кесілген болса, есіктердегі барлық жарықтарды дымқыл шүберекпен жабыңыздар, көмекке шақырыңыздар, қауіпсіз аймақта (балкон, үйдің шатыры) өрт сөндірушілердің келуін күтіңіздер. Еденге еңкейіп, аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл шүберекпен жабыңыздар.
- балконда өрт ошағына оттегінің кіруін тоқтату үшін есікті мықтап жабыңыздар. Бұл құтқаруға арналған қосымша уақыт.