| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түтінсорғышты тазалау кезінде болған жарылыс салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті. Қайғылы оқиға екі адамның өмірін қиды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қазцинк» компаниясының мәліметінше, өндірістік нысандардың бірінде түтінсорғышты тазалау барысында жарылыс болған. Артынша өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес жұмысшы жарақат алған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.
Компания тарапынан марқұмдардың отбасына және жарақат алған қызметкерлерге қолдау көрсетілетіні хабарланды. Сонымен қатар оқиғаның нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаға ықпалы да тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тараған шаң рұқсат етілген нормадан аспаған және қауіпті заттар анықталмаған.