| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан ауыр жарақат алған тағы бір жұмысшы ауруханада көз жұмды. Осылайша қайтыс болғандар саны үш адамға жетті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өскемендегі «Қазмырыш» зауытында 5 мамыр күні орын алған жарылыс пен өрттің салдарынан зардап шеккен жұмысшылардың бірі 12 мамыр күні ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы компания ресми түрде хабарлады.
Оқиға кезінде өндіріс орнында түтін шығаратын құбырларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан. Сол сәтте жарылыс болып, артынша өрт шыққан. Апат салдарынан зауыттың бір бөлігі бүлініп, жұмысшылар зардап шеккен.
Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай кезінде жеті адам зардап шеккен, олардың екеуі оқиға орнында көз жұмған еді. Енді ауруханада қайтыс болған үшінші адам туралы ақпарат расталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен жауаптыларын анықтау үшін тергеу амалдары жалғасып жатыр.