Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде Өскемендегі сырахананың жарнамасына пікір қалдырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өскемендегі сұмдық: сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы ушін қайнатамыз, -деген жарнаманы қараңыздаршы. Қайдағы бүгініміз бен ертеңіміз жарқын? Елді дүр сілкіндірген Талғардагы 16 жасар Шерзаттың, өлімі дәл осы бір шөлмек сырадан болып отырса... Кайдагы жарқын өмір? Бүгініміз қоркынышқа, ертеңіміз белгісіздікке толы болса?! Мадениет жэне Акпарат министрлігі назарына! Шығыс Қазакстан әкімдігі! Мынандай жарнамага жол бермеу керек. Қай заманнан бері сыра қайнату бізге жарқын өмір сыйлаған?! Керісінше, өмірімен қоштасып жатқандар жетерлік. Бұл жарнама Өскемендегі Өтепов 27 көшесінде тұр. Шұғыл шара қолдануды сұраймын!!!, - деп Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде пікір қалдырды.
Еске сала кетсек, қоғамды дүр сілкіндірген, көпшілікті ойландырып, санамызда сан сұрақ туғызған Талғардағы оқиғаның, яғни 16 жастағы Шерзаттың өлімі дәл осы сыраның кесірінен болды.