Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Отандық әуе компанияларында қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Жаңалықтар

Отандық әуе компанияларында қандай жеңілдіктер қарастырылған?

23.05.2023
1 мин
0
1143

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында отандық әуе компанияларының мүгедектерге жеңілдік қарастыру туралы сауал жолданған болатын. Жауапқа сай әуе компаниялары жеңілдіктер ұсынатынын жеткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттардың сұрауына, әуе компаниялары келесідей жауап қайтарған:

SCAT: Авиакомпанияның ішкі тұрақты рейстерінде (субсидияланған рейстерді қоспағанда) жылына 1 рет мүгедек балалар мен І топтағы мүгедектер үшін тарифтен 100% жеңілдік, сондай-ақ ІІ топтағы мүгедектер үшін 50% жеңілдік беріледі. Бұл ретте жолаушылар әуежай алымдары мен авиабилетті ресімдегені үшін алымдарды төлейді. Еріп жүретін адамдарға жеңілдіктер қарастырылмаған.

Qazaq Air: Мүгедектігі бар адамдарға әуе сапарларына жеңілдіктер беру мәселесі барлық растайтын құжаттарды ұсынған кезде жеке тәртіппен қаралады. Сонымен қатар, мүгедек балаға тариф құнынан 100% жеңілдік және ілесіп жүретін адамға сол тарифтен 50% жеңілдік беріледі.

Air Astana: 60 жастан асқан жолаушыларға, 12 жастан 25 жасқа дейінгі жастарға және ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер көзделген.

фото: pinterest 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл