Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен жылы Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекордтық өсімге қол жеткізді
Жаңалықтар

Өткен жылы Алматыда білім беру инфрақұрылымы рекордтық өсімге қол жеткізді

17.02.2026
мин
0
54
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Білім басқармасы 2025 жылды қорытындылады. Өткен жыл білім беру нысандарының құрылысы ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған кезең ретінде тіркелді. 37 білім беру мекемесі пайдалануға беріліп, 39 775 оқушы орны пайда болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
 
Басты бағыттардың бірі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 34 200 орынға арналған 20 жаңа мектеп салу еді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен тағы екі мектеп пайдалануға берілді: 550 орындық «Зерделі» мектебі және «Әлем Сити» тұрғын үй кешенінде сатып алынған, 1 200 орынға арналған білім беру нысаны. 

Қолданыстағы мектептердегі жүктемені азайту үшін №191, №174, №35 және №99 мектептердің жанынан жалпы сыйымдылығы 1 195 орын болатын төрт қосалқы нысан салынды.

Мектепке дейінгі білім беру саласы да қарқынды дамыды. 1 480 орындық жеті мемлекеттік балабақша, «Самғау» және «Шабыт» қосымша білім беру орталықтары, сондай-ақ «Жанұя» спорт кешені ашылды. Кәсіптік білім беру жүйесіне 1 050 орынға арналған және 100 орындық жатақханасы бар Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі қосылды.

Сонымен қатар, қалада білім беру инфрақұрылымына қажеттіліктер картасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, 2030 жылға дейін 105 мың оқушы орнына арналған тағы 70 мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл біртіндеп бір ауысымда оқыту жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл