Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Өткен жылы заңсыз айналымнан 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді
Жаңалықтар

Өткен жылы заңсыз айналымнан 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді

13.01.2026
мин
0
152
Сурет: stock.adobe.com

Өткен жылы заңсыз айналымнан 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аудара отырып, аса шабуыл сипатына ие болды, деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, 2025 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 4 мың есірткі қылмысының, оның ішінде 2700 есірткі өткізу фактісінің жолын кесті. «Барлығы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді. Синтетика бойынша прогресс ерекше байқалады, есірткінің бұл түрін алу көлемі шамамен 1,5 тоннаны құрады. Яғни, 4,5 млн бір реттік доза айналымға жіберілмейді. Жедел жұмыс пен инновациялық шешімдер кешенін пайдаланудың жаңа тәсілдерінің арқасында 128 есірткі зертханасы жойылды, оның 28-і синтетика өндірген», - деді спикер.

ІІМ өкілі сондай-ақ Қазақтан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижелеріне тоқталды. Есірткі құралдары мен прекурсорлардың тізбелері өзектендірілді, синтетикалық есірткілерді алу көлемі ұлғайтылды, бұғатталған сайттар мен құқыққа қарсы контент саны ұлғайтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл