Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өзбекстан футбол құрамасы ел тарихында алғаш рет FIFA Әлем чемпионатына жолдама алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл тарихи жетістікке орай, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық құраманың ойыншыларын, бапкерлерін және жаттықтырушыларын мемлекеттік наградалармен марапаттап, BYD маркалы 40 автокөлік тарту етті. Сонымен қатар оларға "Өзбекстан мақтанышы" құрметті атағы берілді.
Президенттің баспасөз қызметі БАӘ құрамасымен болған (0:0) шешуші матчтан кейін бұл марапат туралы алдын ала хабарлаған. Дәл осы ойын нәтижесінде өзбек футболшылары алғаш рет Әлем чемпионатына жолдама алып, Азия аймағының іріктеу тобында екінші орынды иеленген болатын.
Кеше Өзбекстан құрамасы Қатарды 3:0 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңін сәтті аяқтады.