Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өзбекстанда рұқсатсыз білім беру қызметін жүргізген бизнес-коучтар жазаланатын болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президент Шавкат Мирзиеев қол қойған заңға сәйкес, рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысқан азаматтар мен лауазымды тұлғаларға айыппұл салынады.
Азаматтар үшін айыппұл көлемі 5-тен 10 негізгі есептік бірлікке (НЕБ) дейін, яғни 1,875 миллион сумнан (144 доллар) 3,75 миллион сумға (293 доллар) дейін.
Лауазымды тұлғалар үшін бұл сома 10-нан 15 НЕБ-ге дейін, яғни 3,75 миллион сумнан (293 доллар) 5,625 миллион сумға (439 доллар) дейін болады.