Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев "Жазасын өтеп жатқан, жасаған ісіне шынайы өкініп, түзелу жолына түскен адамдар тобын рақымшылыққа ұшырату туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Рақымшылық Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 32 жыл толуына байланысты жарияланды.
- Жарлық бойынша 483 адам рақымшылыққа ілікті. Олар жасаған қылмысын білместікпен жасаған, бірақ өз қателігін шын жүректен мойындап, түзелу жолына нық тұрған, – делінген Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің хабарламасында.
Рақымшылыққа іліккендердің ішінде 107 адам жазадан толық босатылады, 275 адам жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын өтеп шығады, ал 7 адамның жазасы жеңіл жазаға ауыстырылады. Сонымен қатар, 94 адамның бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылады. Рақымшылыққа іліккендердің арасында 25 шет мемлекет азаматы, 32 әйел, 60 жастан асқан 5 ер адам, 30 жасқа дейінгі 274 адам (оның ішінде 104 кәмелетке толмаған) және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 6 адам бар.