Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Пара бергендерге айыппұл екі есе ұлғайды
Жаңалықтар

Пара бергендерге айыппұл екі есе ұлғайды

10.01.2021
1 мин
2
1912

Қазақстанда пара берген және парақорлыққа делдал болғандарға салынатын айыппұл ұлғайды. Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. 

Енді 50 АЕК-ке дейінгі (145 мың теңге) мөлшерде пара бергендерге салынатын айыппұл параның 10 есе мөлшерінен 20 есе мөлшеріне дейін ұлғайтылды.

"Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюынан бөлек пара беру мен парақорлыққа делдал болғандардың айыппұлы да өсті. Пара бергендер үшін (50 АЕК немесе 145 мың теңгеге дейін) айыппұлдың төмен көрсеткіші екі есе өсті - параның 10 еседен 20 есеге дейінгі мөлшерінде төлеу керек. Мысалмен түсіндірейін: азамат 100 мың теңге пара бергені үшін сотталса, онда сот оған кемінде 2 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығара алады. Бұрын айыппұлдың төмен мөлшері 1 миллион теңге болатын", - деп түсіндірді Олжас Бектенов Антикордың Facebook парақшасында өткен онлайн-брифингте. 

Антикор өкілі бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекске тиісте түзетулер енгізілгенін атап өтті.

"Бұрын азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде қарастарылған "Айтарлықтай ірі көлемде пара бергені" үшін ең көп дегенде 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделіп, бұл әрекет орта дәрежедегі қылмыс болып есептелетін. Ал жаңа редакцияда (заң нормасында - еск.) жазалаудың жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және сәйкесінше ауыр қылмысқа жататын болды. Бұл дегеніңіз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге мүмкіндік бермеу болып отыр", - деді ол.

Дереккөз:Tengrinews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айна 10.01.2021
Пара да екі есе көтеріледі ғой.
Жауап беру
А
Арайлым 10.01.2021
Пара алатындар ше? Оларды нақтылап 1424 қолына берип турсанда жаза колданылмай жатыр ғой. Пара ала береди, заң ештеңе истей алмайды. Крышалары мықты болып отырго
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл