| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда егде жастағы азаматтарды алдап, олардың мүлкін сатқызу арқылы 1,5 миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдіктілер қолға түсті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласында зейнеткерлерге бағытталған ірі алаяқтық схеманың жолы кесілді. Тергеу мәліметінше, күдіктілер өздерін банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері ретінде таныстырып, егде жастағы азаматтарға телефон арқылы хабарласқан.
Олар түрлі сылтаулар мен жалған ақпараттарды пайдаланып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Нәтижесінде зейнеткерлер тұрғын үйлерін сатып, қолдарына түскен қаражатты алаяқтар көрсеткен бөгде есепшоттарға аударған.
Алдын ала есеп бойынша, қылмыстық топтың әрекетінен келген жалпы материалдық шығын көлемі 1,5 миллиард теңгеден асқан.
Құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстап, сот шешімімен қамауға алды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.